Жаңалықтар

19:17 | 13 мамыр 2024
19-24 мамыр аралығында Абу-Дабиде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. «Олимпиада жылы болғандықтан олимпиадалық рейтінгтік турнирлер арасы өте жақын. Спортшыларымыз соңғы мамыр айында үш маңызды жарысқа қатар дайындалды. Оның алдында Азия чемпионаты, Grand Slam жарыстары нәтижесінде әлем чемпионатына қатысатын құрам жасақталды. Қатысушылар арасында тәжірибелі спортшылар да, ересектерге енді ауысып жатқан жастар да бар. Ал 60 келіге дейінгі салмақ…
21:51 | 10 мамыр 2024
Бүгін Елорда төрінде Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан спортшылары екі жүлдеге ие болды. Ғалия Тынбаева спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысыныңалғашқы алтын жүлдесін еншілесе, тәжірибелі Елдос Сметов қола жүлдегер атанды. «Бұл тек Ғалияның ғана емес, бүкіл қазақ спортының, бүкіл елдің жеңісі! Мен спортшыларымыздың нәтижелеріне өте қуаныштымын және мақтанамын! Біз үшін маңызды турнирдің алғашқы күнінде-ақ…
18:04 | 10 мамыр 2024
Астана өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдеге қол жеткізді. Шешуші белдесуді отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсифовпен өткізді. Үшінші орын үшін Елдос Сметовқа әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады. Бұл Қазақстан қоржынына түскен екінші жүлде. Бүгінгі әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі бәсекеде Ғалия Тынбаева чемпион атанған болатын. Естеріңізге сала…
17:45 | 10 мамыр 2024
Ғалия Тыныбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында топ жарды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен ұтып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Бұл Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысыныалғашқы алтыны. Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Европа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтқан болатын. Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand…
20:04 | 05 мамыр 2024
Елордада 10-12 мамыр күндері дзюдоданөтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын әлемдік жұлдыздар анықталды. Париж Олимпиадасына ұпайберетін бұл жарысқа 92 елден 519 спортшы тіркелді. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне «Qazaqstan barysy Grand Slam»атауымен енген жарыс қатысушыларының қатарында дзюдо спортының майталманы, үш дүркін Олимпиада чемпионы, 12 дүркін әлем чемпионы Тедди Ринерден (Франция) бастап, Олимпиада жеңімпаздары Баул Ан (Оңтүстік Корея), Акира Соне (Жапония),…

Әлеуметтік желідегі парақшалар